lichess.org
Donate

ZIS chess online

33 members
  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1.1. «ZIS chess online» шахмат турнирі (әрі қарай – Турнир) мектеп оқушылары арасында шахмат ойынын насихаттау және дамыту мақсатында және мектептің үздік шахматшыларын анықтау мақсатында өткізіледі.
    1.2. Турнир ұйымдастырушылары - мектеп әкімшілігі және шахмат үйірмесінің жетекшісі.

  2. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
    2.1. Сайыс lichess.org сайтында «Арена» форматында өткізіледі (формат ережесі қосымшада келтірілген).
    2.2. Турнирге Zerdeli international school оқушылары қатыса алады.
    2.3 Турнирге қатысу туралы өтінімдер арнайы тіркеу формасы арқылы жолданады.
    Тіркелу формасының сілтемесі:
    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdsaJkhlslTgtE0u4_6bZjGXDi6Z3Qstc7TZxhqfCZ_sXOjTQ/viewform
    Өтінімдер 2024 жылдың 23 мамыры, сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
    2.4. Өтінім қабылданғаннан кейін ұйымдастырушылар тіркелу формасында көрсетілген байланыс нөмірі бойынша қатысушыға клубқа және турнирге қатысу үшін арнайы сілтемелер жолдайды.
    2.5. Турнир кезінде арнайы компьютерлік бағдарлама немесе басқа адамдардың көмегіне жүгінген қатысушы турнирден шығарылады және оның жинаған ұпайлары есептелмейді.

  3. ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ
    3.1. Шахмат турнирі 2024 жылғы 23 мамырда сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін өтеді.

  4. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
    4.1. Турнир уақыты аяқталған кезде ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз деп жарияланады.
    4.2. Шахмат турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері (қыздар арасында 1-3 орындар және ұлдар арасында 1-3 орындар) тиісті дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
    4.3. Турнирде қосымша номинациялар қарастырылған:

  • бірінші сыныптар арасында үздік көрсеткіш (1 ұл және 1 қыз);
  • екінші сыныптар арасында үздік көрсеткіш (1 ұл және 1 қыз);
  • үшінші сыныптар арасында үздік көрсеткіш (1 ұл және 1 қыз).
  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    5.1. Турнир ұйымдастырушылары турнир барысында туындаған барлық мәселелерді шешеді.
    5.2. Турнирге қатысушылар осы ережемен танысып, оларды орындауға міндетті.

Tournaments

ZIS chess online Arena5+3 • Blitz • Rated • 2hInner team
25